Жеңіліс ұғымын ұмыт қыл!
Кез-келген бастама жеңіске немесе, керісінше, жеңіліске алып барады. Ал бастама жасап отырған адам ешқашан құлдырап, жеңіліске ұшырағысы келмейді.
Жеңіліске ұшырамас үшін не істемек қажет? Ол үшін «жеңіліс» деген ұғымды санадан адақтап тастамақ қажет. Сонда ғана сенің өмірің оң бағытқа бұрылмақ.
Рас, кез-келген ісің жеңіспен аяқтала бермейді. Бірақ сәтсіздікке ұшыраған бастамаңды қателіктер нәижесі деп түсін. Бұл – сүріну. Сүрінбек болса да, құлауға ешқашан жол бермек керек. Өйткені, өзін жеңіліске ұшырадым деп сендірген кісінің санасындағы жеңіс бейнесі бұлыңғыр тарта беретіні бар.
Ал іс бастауда тек қана жеңісті мақсат ету шарт. Сонда ғана сіздің санаңыздағы жеңілу ұғымы солғын тартады. Міне, тек жеңіс үшін қызмет жасайтын адамдар ғана түптің түбінде қоршауды бұзып, дегеніне қол жеткізеді.