Жетекші өнеркәсіптік компаниялар Қазақстанның Ondeu Expo негізгі индустриялық көрмесінде қайтадан бас қосты
2023 жылғы 10 – 12 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында Ondeu Expo өңдеу өнеркәсібі Халықаралық көрмесі мен Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.

Көрме республиканың индустриялық-инновациялық кешенінің орнықты дамуына жәрдемдесу, халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіби және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ашылды.
Ondeu Expo мынадай 6 бейінді көрмені біріктіреді:
– Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша IV Халықаралық мамандандырылған көрмесі;
– AgroSpecMash ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техниканың Халықаралық мамандандырылған салоны;
– Сhem Tech Kazakhstan химия өнеркәсібі бойынша Халықаралық көрмесі және конференциясы;
– Su Arnasy – Water Expo су индустриясының XII Халықаралық көрмесі және конференциясы;
– Stroy Expo Astana құрылыс индустриясына арналған технологиялар мен жабдықтардың Халықаралық мамандандырылған көрмесі;
– Infra Tech Kazakhstan инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі қазақстандық Халықаралық көрме-конференциясы.
Қазақстанды, Аустрияны, Беларусьті, Болгарияны, Германияны, Израильді, Италияны, Канаданы, Қытайды, Латвияны, Польшаны, Ресейді, Түркияны, Өзбекстанды, Финляндияны, Франция мен Швейцарияны қоса алғанда, әлемнің 17 елінен 250-ден астам экспонент қатысып жатыр.
AgroSpecMash Халықаралық мамандандырылған салоны шеңберінде сала көшбасшылары ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техниканың соңғы модельдерін, атап айтқанда, АГРОМАШХОЛДИНГ KZ, ҚОСТАНАЙ ТРАКТОР ЗАУЫТЫ, QAZTEHNA, ВИРАЖ, СЕМАЗ, KAZROST ENGINEERING LTD, ДОН МАР және т.б. жаңа техниканы көрсетуде.
Форум 11-12 мамырда Hilton Astana мен «EXPO» ХКО-да өткізіліп жатыр. Іс-шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.