Жаңалық Редакция таңдауы

Жеті айда Қазақстан экономикасының өсімі 3,3%-ды құрады

Бүгін Премьер-министр Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі
  • Нақты сектордағы өсім 3,4% құрады
  • Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%
  • Құрылыс – 8,6%
  • Ақпарат және байланыс – 6,5%
  • Сауда – 6,2%
  • Көлік және қоймалау – 5,6%

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5% – ға жетті.

Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті.

  • Білім беру – 74,8%
  • Сауда – 26,4%
  • Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр: өсім – 4,9%.
  • Оң өсім 17 өңірде тіркелді
Ең жоғары көрсеткіштер:
  •  ШҚО – 15,3%
  •  Алматы – 13,3%
  •  Қостанай облысы – 12,3%
  •  Абай облысы – 12,3%
  •  Шымкент – 9,6%
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсімі:
  •  Автомобиль жасау – 19,6%
  •  Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%
  •  Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%
  •  Сусындар – 9,1%
  •  Машина жасау – 7,7%
  •  Киім – 5,5%

Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,1%-ды құрады. Оң динамика 16 өңірде байқалады.

Барлық көрсеткіштер бойынша өсім 3 өңірде байқалады

  •  Шымкент
  •  Қарағанды облысы
  •  СҚО
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:
  • Азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау
  • Инвестицияларды сүйемелдеуге кешенді тәсілін қолдану
  • Егістік өнімдерін уақтылы жинауды қамтамасыз ету
  • Қазақстандық өнімді экспорттауға және жаңа сауда нарықтарын іздеуге жәрдемдесу
  • Мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді ұсыну және бизнеспен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button