Жаңалық

Жетісуда «Киелі Қазақстан» экспедициясы жолға шықты

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында бірнеше экспедиция сапарға шықты.

Солардың бірі отандық БАҚ өкілдері мен блогерлерден құрылған топ деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Киелі Қазақстан» экспедициясы аясында олар екі күндік сапарға шықты. Арнайы топ Қойлық және Сағабүйен көне қалашықтарында, Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ қайнарында, ақын Сара музейі мен көне білім ордасы Мамания мектебінде болды.

«Бұл жерден қазақ зиялыларының көбі шыққан. Осы жерде білім алған. Оның ішінде ақиығымыз, құлагеріміз Ілияс Жансүгіров атамыз бар. Біләл Сүлеевіміз бар. Өздеріңіз білсеңіздер, кезінде Біләл Сүлеев Қарақалпақстанның білім министрі болған», – деді Мамания орта мектебінің директоры Алпамыс Қазбанбетов.

Мектеп 19-шы ғасырдың аяғында жергілікті дәулетті азаматтардың күшімен салынған. Білім ошағы Жетісу өңіріндегі алғашқы меценаттық қозғалыстың айқын көрінісі.

Сондықтан «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда атымтай жомарттарға Маман әулетінің бастамалары жиі мысалға алынып тұрады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button