Мақала

JETISÝ ARBA BÁIGESI

Алматы облысында халықаралық жарысы

JETISÝ ARBA BÁIGESI бастау алды

 

2019 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында «Рухани Жангыру» бағдарламасы аясында JETISÝ ARBA BÁIGESI Үндістан, Қытай, Қазақстан және Өзбекстан сынды Ұлы Жібек Жолы елдерінен келген студент командалары арасында тұңғыш рет өтіп жатыр. Жетісудің таңғажайып табиғиғатына саяхат түрінде өтетін бәсеке ортағасырлық керуендердің басты көлігі – екі доңғалақты атарбалардың қатысуымен өтеді.

 

Командалар берілген маршруттың жылдамдығы мен дәлдігі және командалық рух кубогы – этнографиялық спорттық шығармашылық бойынша 2 нұсқада сынға түсетін болады.

 

Жарыс барысында командалар әр кезеңнің соңғы нүктесінде лагерлер орнатып, көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады. Өздерімен бірге алып жүрген шатырларда түнеп, көшпелі гастрономия тағамдарын дайындайды. Әр елден келген қатысушылар өз елдерінің дәстүрлі костюмдері арқылы спорттық жарыстар мен фольклорлық конкурстарға қатысады.

 

JETISÝ ARBA BÁIGESI-2019 жарысының жеңімпазы Керуен жарысы мен командалық рух кубогының қорытындысы бойынша алынған орындар, бонустар мен айыппұлдар сомасы бойынша анықталады.

 

Шараның басты мақсаты – Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру – Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының жабайы табиғатына саяхат жасау. Сонымен қатар, студент жастарды көшпенді өркениеттің зияткерлік және рухани мұрасын зерттеу және сақтау процесіне тарту, қазіргі жастардың интеллектуалды, моральдық-ерік, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсету мен Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасу. Бұдан бөлек, экологиялық және этнографиялық туризм үшін Алматы облысының Табиғи және мәдени ресурстарының байлығын насихаттау, шалғайдағы ауылдық аумақтардың жастары үшін туризмде жұмыс орындарын құру.

 

Жарысқа Үндістан, Қазақстан, Қытай және Өзбекстан елдерінен келген жасы 18 жастан асқан 9 адамнан құралған студенттер қатысып жатыр. Жеңімпаз алтын керуен ауыспалы кубокпен марапатталады (алтын керуен)

 

Жеңімпаз жетіген-шоқжұлдыз (жеті жұлдыз шоқжұлдыз)

 

Жарыста екі нұсқа бойынша ең жақсы орын алған команда JETISÝ ARBA BÁIGESI бас Кубогының иегері және JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019 ауыспалы кубокпен марапатталады.

 

Жарыс төрт кезеңнен тұрады:

 

– Шөлді маршрут

 

– Жазық маршрут

 

– Тау бағыты

 

– Жабық трассада арба жарысы-биатлон

 

 

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button