Жаңалық

Жігіт тәрбиесінің 6 сатысы

Сomode.kz сайтындағы әріптестеріміз осы тақырыпты көтеріп, бірнеше сатыларын тізген екен. Сол мақаланы негізге ала отырып, сіздерге жігіт тәрбиесінің 6 сатысын ұсынамыз:

  1. Ұлыңыздың дені сау және мықты болып өсуі үшін оның рационына иммунитетті арттыратын, зат алмасуды жақсартатын және өсіп келе жатқан ағзаны нығайтатын қымыз бен шұбат өнімдерін енгізіңіз. Олар аллергиялық реакцияларды өте сирек тудырады және сиыр сүтінен алынған ашытылған сүт өнімдеріне тамаша балама бола алады.
  1. Балаңыз мейірімді және жанашыр болып өсуі үшін, балаңыз күтім жасай алатын үй жануарын алыңыз. Ертеден бері қазақтарда бәсіреге беру: баламен бір жылы туылған құлын немесе бота беру дәстүрі болған. Үй жануарларына күтім жасау арқылы бала малды жақсы көруді және қорғауды үйренеді, жауапкершілікті сезінеді. Құлын мен ботаның қала пәтерлеріне сыймасы анық. Сондықтан оларды мысық, балық, тоты секілді ұсақ жануарларға ауыстыруға, әбден, болады.
  1. Ұлыңыз күшті және епті болып өссін десеңіз оған салт атпен жүруді, атқа отыруды үйретіңіз. Ашамайға мінгізу – қазақ баласын тәрбиелеудегі ең маңызды дәстүрлердің бірі. Ата-бабамыз ер-тоқымда нық отырған шабандоздың өз-өзіне деген сенімділігі артатынын білген.
  1. Балаңыз еңбекқор болып өсуі үшін оны үй шаруашылығына араластырыңыз. Үйде істейтін жұмыс табылады. Бұрын ұлдары әкелеріне мал жайғауға, жылқы бағуға көмектескен. Бүгінгі таңда баланы темір тұлпарға күтім жасауға, сондай-ақ үйдегі әртүрлі іске араластыру маңызды.
  1. Ұлыңыздың үлкендерге құрметпен қарауы үшін оған отбасыңыздың тарихын айтып беріңіз және, міндетті түрде, 7 атасымен таныстырыңыз. Бірге ағаш отырғызыңыз. Уақыттың көбін ата-әжесімен өткізуге тырысыңыз.
  1. Балаңыз ақылды да ділмар болып өссін десеңіз, қазақ фольклорын оқытыңыз. Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды, батырлар жыры мен ғашықтар жырын, қазақ классиктерінің шығармалар жаттатыңыз. Бірге өлең жазып көріңіздер. Ұлыңыз ақын болмаса да, сөз бастауына, ұтымды жауап беруіне, салтымыздың сақталуына сеп болары анық.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button