«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы басталды
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – ЖОО оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
2020 жылдың 12-30 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;
2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.
Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді.
Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.