Жаңалық

Жоңғар Алатауына қалай жетуге болады?

Сүйікті оқырман! Open Qazaqstan айдарының кезекті бетбұрысы Қазақстанның шығыс аймағында орналасқан, алма мен маралдың отаны – Жоңғар Алатауы ұлттық саябағы.

Жоңғар Алатауы ұлттық саябағына биыл 10 жыл. Мемлекеттік табиғи парк 2010 жылы Алматы облысында құрылды. Басты қамтитын аймақтары: Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының аралығы.

Саябақта полиметалл кен орындары орналасқан. Онда сирек кездесетін метал түрлерін көруге болады. Атап айтсақ, кадмий, индий, висмут, селен, сынап секілді металдар. Сонымен қатар Жоңғар Алатауы тауындағы ойыстан көмір қоры табылған.

Ұлттық парк мұхиттан алыс орналасқандықтан оның климаттық жағдайына Арктиканың суығы, Тұран ойпатының ыстығы, сондай-ақ Сібірдің антициклоны ықпал етеді.

Жоңғар Алатауы су қорына өте бай.

Өзендері: Ырғайты, Жаманты, Лепсі, Қаратал, Сарқан, Бүйен, Ақсу, Бурақожыр, Көксу, Биже, Қорғас. Қорғас – Қытай шекарасы арқылы ағатын өзен.

Жоңғар Алатауының солтүстігі мен батыс беткейінен силур мен девонның құмтастарын, сазды тақтатастарынан тұратын жыныстар мен орта палеозойдың шөгінді жыныстарын көруге болады.

Шығыс бөлікте жайылып жатқан тау мұздықары жетіге бөлінеді. Олар: Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен.

Шығыс Алатауы өсімдікдер дүниесіне де бей-жай емес. Саябақта суармалы егістік алқаптары мен жайылымдар бар. Онда әртүрлі көкөністер мен жеміс ағаштары, малға азық болатын шөптер мен астық алқабы өсіріледі. Таудың биік бөлігіне көтерілсеңіз, жап-жасыл болып өсіп тұрған шыршалы ормандар мен самырсынға куә боласыз.

Жоңғар Алатауы ұлттық саябағы – өсімдіктен алманың, жануардан маралдың отаны.

Парк аумағының 1,5 пайызын жабайы «Сиверс» алмасы жайған. «Сиверс» алмасы әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып табылады.

«Қызыл Кітапқа» енгізілген өсімдіктері: 2000-нан аса түрге ие «Сиверс» алмасы, сепкілгүл, жоңғар тасшөбі.

Дүние жүзінің ешбір бөлігінде өспейтін 70-тен астам флорасы бар.

Жануар әлемімен де мыңдаған туристің назарына іліккен саябақта көбіне алтайлық және тянь-шаньдық жануалардың түрлері кездеседі. Құстардың 250-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 10-ға жақын, сүтқоректілердің 10- нан аса, балық пен қосмекендінің 2 түрі тіршілік етеді.

Табиғатты қорғау орны жануарлардың сан алуандылығы бойынша Алтайдан кейінгі орынды алады.

MAX_9528.jpg.1153748e107e52a37d2e9bb97cbdf86e.jpg

Жойылып кету қаупінде тұрған жануарлары: даната құрбақасы, қара ләйлек, бүркіт, сақалта, балобан, үкі, қар барысы және т.б.

Тарихи-мәдени ескерткіштері: Үйгентас, Динар Хорезм шахтың Мұхаммед бен Текеш қорымы, Сарымсақ өзені жағасындағы қорғандар қорымы.

Туристік маршруттары:
1. «Этнографиялық тур» (Жоңғар Алатауының тарихи жерлерімен);
2. «Жасылкөл»;
3. «Ғылыми-танымдық туры»;
4. «Шумский мұздығы»;
5. «Жоғарғы Жасылкөл»;
6. «Сарқан орман тұқымбағы»;
7. «Лепсі орман тұқымбағы»;
8. «Карбушка және оның әсемдігі»;
9. «Черная Речка»;
10. «Щеки» экологиялық соқпағы;
11. «Көкжар шатқалы» экологиялық соқпағы;
12. «Аттапқан»;
13. «Жамантас»

Жоңғар Алатауы тауының биік сілемдеріне жету үшін бір аптаның өзі аздық етеді. Себебі ол жақта автожол жоқ. Кей жерлерінен жүріп өту жылқы малына да қиынға соғады.

Жоңғар Алатауына қалай жетуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қалаларының арасы – 1224 км. Жоңғар Алатауы мен Алматы қаласының екі ортасы – 320 шақырым. Елордадан оңтүстік астанаға дейін ұшақпен 1 сағат 40 минут, пойызбен 14 сағат, көлікпен 14-16 сағат болады. Ұшақтың бағасы билетті сатып алған күнге байланысты. Жүрдек пойыздың бағасы – 15 000-18 000 тг, жай пойыздың құны – шамамен 8 000-12 000 тг. Нұр-Сұлтан қаласы, «Сапаржай» автовокзалынан Алматы қаласы, «Сайран» автовокзалына дейін 7 000 тг. Автобус күнделікті, сағат 14:00-де қатынайды. InDriver таксиіне мінсеңіз, 15 000-25 000 төлейсіз. Алматыға жеткен соң такси не автобуспен паркке жете аласыз. Сәт сапар, құрметті жолаушы!

Жоңғар Алатауы МҰТП-ніңресми сайтына өту үшін

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button