Жаңалық

Жұмыс іздеп ауылға келген мамандарға қандай көмек қарастырылған?

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету.

 

Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

 

Қызметті онлайн алу

1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.

2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

 

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

 

Көтерме жәрдемақы алған кезде

1. Өтініш.

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

3. Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

4. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.

 

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде

1. Өтініш.

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

3. Жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

4. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.

5. Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін).

6. Кредиттік бюродан есеп.

 

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде

1.  Өтініш.

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

3. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.

4. Жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

5. Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін).

6. Кредиттік бюродан есеп.

Ақпарат egov.kz сайтынан алынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button