Жұмысыңыз өнімді болса десеңіз...
Сіздің жұмыс күніңіз қалай басталады? Күн нұрының алғашқы сәулесімен көзіңізді ашып, ең бірінші қандай күйді сезінесіз? Көптеген адамдар өнімді, сонымен қатар, бар күш-жігерді жұмсамайтын тиімді де жағымды жұмыс күні туралы армандайды.
Дегенмен, бар жағынан мінсіз жұмыс күні қандай болуы тиіс? Адамдар жұмысының көптігіне, олардың күрделілігіне, күні бойы мазаны алатын факторларға, сондай-ақ осы сынды көптеген мәселелерге шағымданады. Осы себепті, сіз жұмыс күнін бастамастан бұрын оның қандай болуы тиіс екендігі туралы ойлануыңыз тиіс.
Таза жұмыс орны
Сіз жұмысыңыздың қарқынды да жағымды болуын қаласаңыз, жұмыс орныңыздың таза болуына баса назар аударуыңыз қажет. Әдетте, жұмыс орнында көптеген құжаттар мен өзге де заттар тез жиналып қалатыны сөзсіз. Осы мәселеге көңіл бөліңіз. Себебі, жұмыс орныңыз қаншалықты жинақы болса, әр құжаттың қай жерде тұрғаны есіңізде болса, бұл жұмысыңыздың тиімді болуына өзіндік үлесін қосады.
Ұйқы
Сіздің жұмыс күніңіз қалай басталатыны, түндегі ұйқыңыздың қануына да тікелей байланысты болмақ. Сіз өзіңізге қажетті уақытта ұйқыға жатуыңыз тиіс. Бұл орайда тәулігіне алты-сегіз сағаттан кем ұйықтамауыңыз қажет. Әрине, бұл жерде көп жағдай адам ағзасының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан да, сіз ағзаңыз таңертең жақсы күйде болуы үшін қажетті аралықта ұйықтауды әдетке айналдырыңыз.
Таңғы іс-әрекет
Таңертең сіз оянғаннан кейін белгілі бір іс-әрекеттерден тұратын кезең басталады. Мәселен, сіз бетіңізді жуып, таңғы ас әзірлейсіз, телефоныңызды тексересіз. Сіз осы іс-әрекеттерге жіті көңіл бөлуіңіз тиіс. Себебі, алдағы жұмыс күні осыған да байланысты болады. Сіз өз уақытыңыз бен күшіңізді босқа кетірмеу үшін осы үрдістерді жеңілдетіңіз. Сіздің бар ойыңыз жұмысыңызға арналуы тиіс.
Жұмыс
Жұмыста сіз жұмыс істеуіңіз керек. Көп жағдайда адамдар басшысының, не болмаса әріптестерінің көзіне көріну үшін жұмыс жасайды. Әдетте, сіздің жұмыс сатысы бойынша өсуіңізді бәсеңдетуге немесе тұтастай алғанда тоқтатуға мүмкіндік табатын көптеген себептер бар. Әрине, ешкім сегіз сағат қатарынан жұмыс істеуді талап етпейді, бірақ жұмысыңызға барынша көп уақыт бөлуге тырысыңыз.
Үзілістер
Үзілістер сіздің жұмысыңыздың бір бөлігі болып табылады. Кейде үзілістер қажет, ал көп жағдайда олар сіздің басты жұмысыңызға кедергі келтіреді. Осы себепті, олармен қалай күресуге болатынын білу керек. Көптеген үзілістер елеулі уақытты кетіреді, яғни үзілістен кейін жұмыс үрдісіне қайта қосылу үшін біраз уақыт қажет. Дегенмен де, жұмысыңыз қауырт болған жағдайда арасында үзілістер жасап отырғаныңыз жөн. Ол үзілістер ұзақ уақытқа созылып кетпеуі тиіс. Сіздің негізгі жұмысыңызға кері әсері тиіп кетпеуі керек.
Физикалық белсенділік
Физикалық белсенділікті ешқашан ұмытпаңыз, себебі ол физикалық пішінді ғана емес, ақыл-ойды да сақтаудың басты факторы болып табылады. Таңертең кішігірім жаттығулар, кешке жаттығу немесе жүгіру жеткілікті, бірақ ешкім сізді шектемейді – уақыт пен ақшаңыз болса, спортзалға немесе бассейнге жазылып қоюға да болады.
Өзара байланыс
Қазір компьютерлердің көмегімен көптеген нәрселер жасалуда, сондықтан көптеген қызмет салаларында адамдық қарым-қатынастың рөлі бәсеңдеп қалды. Әріптестермен және тұтынушылармен электрондық поштамен емес, жеке-жеке байланыс орнатуды ұмытпаңыз.
Жылдамдық
Жұмыс барысында асығыстыққа берілмеңіз, себебі бұл қателерге алып келуі мүмкін. Дегенмен, сізге ұсынылған уақытта басшыңызға табысты және өнімді қызметкер ретінде танылу үшін жақсы жылдамдықты көрсете білуіңіз тиіс.
Тамақтану
Адамдардың көпшілігі түскі үзіліс пен жұмысынан қайтып келгенде кешкі уақытта ғана тамақтанады. Негізінде, күніне бір рет тамақтанғаннан гөрі кішкене мөлшермен 4-5 рет ас ішу пайдалы.
Жұмыстың соңғы сағаты
Сіздің жұмыс күніңіздегі ең маңызды уақыт – соңғы сағат. Себебі, ол сіздің күніңіздің қалай аяқталатынын және жаңадан қалай басталатынын бірден анықтайды. Сізге жұмысыңызға қорытынды жасауға, барлық шұғыл тапсырмаларды аяқтауға, сондай-ақ, жұмыс күнін жаңа жұмыс күніне дайындап, ертеңге тезірек аралсуға және тиімдірек жұмыс істеуге көмектесетін белгілі бір дайындықтарды жасау қажет. Ең бастысы – тәжірибе. Сіздің тиімді де өнімді жұмыс күніңіздің бір рет ғана болуына жол бермеңіз – ол үнемі қайталануы керек.