Жаңалық

Жыл басынан 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қазақстанға келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Шымкент  және Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Олардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден келген.

Жас ерекшеліктеріне қатысты көрсеткіштер бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші қандастар саны 24,3%-ды және зейнеткерлер саны 17,3%-ды құрайды.

Қазақстанға келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанған.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button