Жаңалық
Редакция таңдауы
Жыл басынан бері елден қанша адам көшті?
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында елге 9 595 адам көшіп келсе, 18 275 адам көшіп кеткен.
Бұл ретте көші-қон алмасу ТМД мемлекеттерімен жүреді. Мәселен, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,4%-ды құрады.
Статистикаға қарағанда, еліміздің өңірлерінде қоныс аударатын мигранттар саны 2,1%-ға азайды.
Ішкі мигранттардың ішіндегі 24 711 адам Алматы қаласында, 22 960 адам Астанада және 2 154 адам Шымкентте қоныстанды.