Жаңалық

Жылдар мен сандар

«100 жаңа есім» жобасына барлығы қанша адам қатысты?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, әсіресе «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.

Жоба 2017 жылы басталған болатын. Сол жылы жобаға 2098 үміткер қатысуға ниет білдіріп, оның 102-сі жеңімпаздар қатарынан табылды. Қатысушыларға 1 376 396 дауыс берілген.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2018» жобасына 1111 өтінім қабылданып, 29 адам жеңімпаз атанған. Барлығы 836 617 дауыс берілген.

Жобаның ІІІ маусымына 1673 адам өтінім беріп, оның 32-сі жеңіс тұғырына көтерілді. Үшінші маусымда қатысушылар 700 000 дауыс жинаған.

«100 жаңа есім»жобасы басталғалы бері 4882 өтініш түсіп, 163 адам жеңімпаз атанған. 3 жыл ішінде 2 913 014 дауыс қабылданды.

Қазіргі кезде «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына өтінім қабылданып жатыр.

Айта кетелік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету.

Әрбір қатысушы – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан бірегей тұлға.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button