Жаңалық

Жылқы қиынан жасалған қағазды қайдан аламыз

Көк легеннің жырынан соң отандық өнім тақырыбы қатты қаузалып бақты. Біз айтпақ өнімнің болашағы не болмақ?  

Әлеуметтік желі беттеріндегі дау-дамайға қарап, үздіксіз таластар мен шексіз талқылауларға қарап, экологиялық тақырыптар адамзатты қатты алаңдатады деген пайым жасауға болады. Солай да шығар…

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау дәстүрімізбен де, дінімізбен де, заңымызбен де бекітілген талап еді. Алдыңғы екеуінен аттарсың-ау, заңды қайда қоймақсың?!. Жә, тақырыпқа ойысалық.

Біздің жақта шет елдерге бару сәнге айналған. Жылына 50 мыңнан астам қазақстандық Тайландтың табиғатына тамсанып қайтады-мыс. Осы қазір 20 мыңнан астамы барған болар. Түстенген болар…

Бір қызық бар. Тайландта, Үндістан мен Шри-Ланкада қағаз бұйымдардың жартысын дерлік пілдің қиынан дайындайды. Біртүрлі естіледі, ә? «Қидан жасалған қағазда еш иіс болмайды», – дейді Тайландтық әріптестер. Рас та шығар.

Сөз басындағы экологияға қайта оралайық. Қағаз қидан жасалады деп есептейік. Қазақстанда. Қанша көп болса да жетпейтін кеңсе қағазы да, кофенің иісі аңқыған Starbucks-тың стақандары да, отандастарымыз шетелде көп кездестірген қағаз майлықтар да, бәрі-бәрі қидан жасалса не болар еді?

Орман оталмайтын еді. Пластиктің 24 пайызын қағаз мәңгілікке алмастырар еді. Қағаз қоқыс бір жетіден сәл асып барып, жоқ болып кетіп отырар еді.

Қазақстанда Орал деген қала бар. Сол қалада Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Осы мектептің 7 және 11 сынып оқушылары Агедилова Адия мен Амангелдина Асима жылқы қиынан қағаз жасауға болатынын дәлелдеп, сапалы қағаз алу жолдарын да ұсынды. Оқушылар жылқы қиы ағаш құрамында кездесетін целлюлозадан тұратынын айтады. Бағалы және сұранысқа ие материалдарды синтездеу үшін тек қана қи, қажетті ағаш массасын бөліп алу үшін бірнеше химиялық зат қана керек екен.

Адия мен Асима MILSET халықаралық іс-шарасында жобаны толық қорғамақшы. Шараның негізгі ұйымдастырушысы Түркия.

Демек, қазақ авторларының жобасын, қағаз күйіндегі жылқының (Қазақстандағы жылқының) қиын өзге елден сатып алып отыруымыз да бек мүмкін.

Есесіне біз жағажай сейфтарын потенттеп алғанбыз…

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button