Жаңалық Редакция таңдауы

Каир кітап жәрмеңкесінде Қазақстан Президентінің жолдауы таныстырылды

Фото: СІМ

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Каир қаласында өтіп жатқан халықаралық кітап көрмесінде конференция өткізіп, саясаттанушылар, экономикалық шолушылар мен ақпарат құрал өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауының негізгі басымдықтарын таныстырды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф өз сөзінде Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары, бастамалары мен реформалары туралы баяндап берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары, соның ішінде басқару жүйесін «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» үлгісіне өтуге, заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін, халық үніне құлақ асатын «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған игі шаралары атап өтілді.

Инклюзивті, әртараптандырылған, инвестициялық тартымды және бизнес жасауға ыңғайлы, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын әділ экономика үшін басты бағыт – халықтың тұрмыс сапасын, жұмыс жағдайларын лайықты жақсарту, өз-өзін толықтай қамтамасыз ету мен отандық өнім өндірушілерді қорғау болмақ.

Экономикалық және қаржы-фискалдық реформалар өндірісте еңбек, капитал, ресурстар, технология трансфері, «жасыл» даму мен жаңартылатын энергетика, автоматтандыру, цифрландыру, қоғамдық мониторинг негізгі факторларының әлеуетін барынша ашуға негізделетіні, сонымен қатар ана мен бала денсаулығы, мүгедектерге жәрдемдесу, әйелдер мен балалар құқықтары, демографиялық өсім бағыттарында мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың ізгі бастамалары жөнінде сөз қозғалды.

Реформалардың басты мақсаты - тұрақты өсімді 6-7 % жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту болып табылатындығы аталып өтілді.

Қазақстандық дипломат 30 жылдан аса уақыт бұрын дипломатиялық қатынастарын орнатқан Қазақстан – Мысыр арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, қол жеткізілген екіжақты және көпжақты уағдаластықтары мен жанжақты тығыз байланыстары, сондай-ақ жоспарланған саяси және экономикалық өзара басқосулары, кеңестері мен консультациялары жөнінде қысқаша баяндады.

Басқосуға қатысқан «Elmwatin», «Alkhabar Alyoum» атты мысырлық БАҚ журналистері, әл-Азхар Университетінің және сараптамалық-талдау орталықтарының өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауына аса қызығушылығын білдіріп, қолға алынған реформалар мен бастамалардың маңыздығын атап өтті.

Сонымен қатар ҚР-ның Каирдегі Елшілігі ұйымдастырған іс-шарада мысырлық 55-ші Каир халықаралық кітап көрмесіне қатысушы араб және шетелдік баспагерлерге араб және ағылшын тілдеріне аударылған Жолдау мен Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының брошюралары табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button