Жаңалық

Карантинге жабылған Баянауылда демалыс үйлері жұмыс істеп тұрған

Полицейлер Баянауыл аймағындағы Жасыбай көлінің жағасынан демалушыларды тапты. Енгізілген карантин мен демалыс орталықтарының жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, екі демалыс базасы бұрынғыдай қонақтарды қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуы бойынша, заңбұзушылықтар тек Баянауыл аймағында ғана емес көрінеді. Павлодарда тәртіп сақшылары ойын клубтарының бірінен келушілерді тапқан. Мекеме жасырын жұмыс істеген, полиция барған кезде ішінде 10 келуші болыпты.

Осы арада туристер Жасыбай көлінің маңында күнге қыздырынып жатқан. Қызмет көрсетіп тұрған екі демалыс базасы анықталды. Полиция демалысты тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды. Полиция материалдардың тек карантинді бұзған демалыс базасы иелеріне ғана емес, демалуға келгендерге де жіберілетінін айтады. Барлық хаттама санитар дәрігерлерге жіберіледі, ал мекемелерде мөр басылады. Бүгінде карантинді бұзушылардың жалпы саны 230-ға жеткен, анти-рейтингтің көшбасшылары – дүкендер мен сауда үйлері, кафелер мен мейрамханалар. Еске сала кетсек, Түркістан облысында полицейлер карантин кезінде қонақтар шақырып, той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатқаны туралы жазған едік.

Nur.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button