Жаңалық

КарЛаг қасіреті

      30-шы жылдардың басында Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің құрамы бұрынғы саяси партиялар, байлар мен кулактардың, жұмыскерлер мен шаруа өкілдерінен тұрды.Қарағанды лагері (Карлаг) Лагерьлердің бас басқармасы (ГУЛАГ) ірі филиалдарының бірі болып есептелетін шағын мемлекет және Қазақстан аумағындағы жеке мекеме ретінде саналған. Еңбекпен түзетуші лагерьлердің негізгі бағыттарының бірі қамауға алынғандардың еңбегін жаппай пайдалану және социализм құруда сталиндік бағдарламаны жүзеге асыру болды. Қарағанды еңбекпен түзету лагері Қарағанды қаласынан 45 км. қашықтықтағы Долинка кентінде орналасқан. Тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарындағы мұражай туралы 10 дерекке назар аударыңыз.

1.   КарЛагтың жалпы аумағы Франция алып жатқан аумақпен тең.

2. Қазақтар, немістер, румыньдықтар, венгриялықтар, белорустер, еврейлер, француздар, итальяндықтар, қырғыздар, жапондар, литвалықтар, эстондықтар – аталған ұлттың бәрі де зардап шеккендердің қатарында болған.

3. Қамауға алынғандардың негізгі жұмысы көлік жолдарын құру үшін тас табу болатын. Жұмысқа жегілген адамдардың бірі суықтан, аштықтан қырылып жатса, ал әлсіз және жұмысқа жарамсыздарды күзет қысымға алды.

4. Лагерьді құру барысында жергілікті тұрғындарды жер аударып, шаруашылықтағы малдарын тәркілеген. Бұл қазақтар үшін өз кезегінде аштықты білдіреді.

5. Долинка аумағы тікенекті сыммен қоршалған. Аумаққа кірудің өзі 80-жылдардың басына дейін арнайы тексеріс бойынша жүзеге асырылды

6. Карлаг күзеті қатыгездік және бұйрықты орындаушы адамдардан тұрды. Кезекті сыйақысын алу үшін олар тіпті, қамауға алынғандардың бірнешеуін өлтіріп, басшыларына жаппай қашу кезінде болған оқиға ретінде хабарлаған. (жаппай қашу кезінде сыйақы мөлшері екі есе төленді).

7.  Ауырып қайтыс болғандардың саны есепке алынбаған, ал жеке істерін қайтыс болғаннан кейін жойып жіберіп, ол адамды жай ғана жоғалып кеткендердің қатарына қосқан.

8. Ішкі істер халық коммисариатының (НКВД) жалған айыптауларынан кейін «Алаш Орданың» барлық жетекшілері жойылып кеткен. Сталиндік жоспар тәуелсіздікке ұмтылған қазақ интеллигенциясын осылайша жойды.

9. Карцер туралы: тұтқындарға тәулігіне 4 сағат мұздай еденде ұйықтауға рұқсат берілген, ал қалған уақытта олар тұрып тұруға міндетті. Оқыс қимыл жасағандарды ұрып соққан.

10. Бұрын Долинка кентінде Карлагтың Басқармасы болды, қазіргі таңда бұл жер «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы деп аталады. Мұражайдағы әйнектерде құжаттардың көшірмелері – тізімдер, үкімдер, айыптар, хаттар сақталған.

 

Махаббат Арстан,Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button