Жаңалық

Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі заңмен бекітілмек

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: parlam.kz

Жоба елдегі бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында жасалды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталды.

Қадағалаудың 10 саласында (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, өнеркәсіптік қауіпсіздік т.б.) жедел ден қою шаралары мен бақылаудың 7 саласында (сауда базарларында ветеринариялық-санитариялық бақылау, есірткі мен психотроптық заттардың айналымын бақылау т.б.) бақылау тәртібін регламенттеу, мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік бақылау тәртібін бекіту көзделеді.

Бұдан басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу тәсілдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және балық шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button