Кеңес жазушысы және журналист Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл

Бұл күні, 110 жыл бұрын кеңес жазушысы және журналист Саттар Ерубаев дүниеге келді.
1935 жылы Ерубаев Қазақстан журналистері 1-съезінің ұйымдастырушыларының бірі болды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданды. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Саттар Асқарұлы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллаларының авторы. «Менің құрдастарым» романында Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді.
Талантты жазушы және журналистке 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді.
1989 жылы Түркістанда мемориалдық музей ашылып, 1995 жылы Саттар Ерубаевтың әдеби-мәдени музейі болып қайта құрылды.