Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Кенесары һәм Шәміл

Кенесары да, имам Шәміл де жеңіске жеткен жоқ. Тек ғана азаттық үшін күрескен ұлы тұлға ретінде екеуі де тарихта қалды.

1843 жылы орыс отарлаушыларына қарсы Қап тауында имам Шәміл бастаған таулық мұсылмандар бас көтерді. Ақ патшадан шен алып, иықтарына зерлі погон жапсырған таулық бектер имам Шәміл көтеріліске шақырғанда, иықтарындағы патша берген оқаларын жұлып тастап, имамға келіп қосылды.

Бұлардың арасында атақты Қажымұрат, авар жұртының абыройы Гамзат бек, Елісу сұлтаны Данил бектер болды. Барлығы имам Шәміл айтқан: «Опасыздар жердің астында жатсын!», – дейтін жалғыз ауыз сөздің ығына жығылды. Нәтижесінде көтерілісшілер саны 40 мыңға жетіп, 20 мың тұрақты жасақ ұстады.

Бірақ имам Шәміл де, Кенесары да жеңіске жеткен жоқ. Тек ғана азаттық үшін күрескен ұлы тұлға ретінде екеуі де тарихта қалды. Хан Кене 1847 жылы 45 жасында орыстардың айдап салуы салдарынан дін мұсылман қырғыздардың қолынан мерт болды.

Имам Шәміл болса 1859 жылы орыстардың қолына түсті. Оны өлтіруге отаршылардың өзі қорықты. Шәміл өлсе қаһарлы таулықтар тағы бір сойқанды бастауға дайын тұрды.

Ал, Хан Кененің кегін қуатын қазақ жоғы белгілі еді. Төресін тақтан тайдырған аға сұлтандар ақ патша лақтырған майлы сүйекке таласып, әуреленіп жатты. Бертінге дейін Эмритажда тұрған марқұмның ғазиз басын ел болып іздеп таппай жүрміз. Ал, тау халқының азаткер ұланы Шәміл, 1868 жылы Меккеге барып аман-есен қажылық парызын өтеді. 72 жасында екінші рет қажылыққа барып, Медине жерінде дүниеден өтті.

Бекен Қайратұлының “Қазақия қалай отарланды?” кітабынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button