Жамбыл облысы

КЕРЕЙ ХАННЫҢ ҚЫСТАУЫ (XIV ғ.)

Орналасқан жері: Мойынқұм ауданы, Хантау тауы аймағында жергілікті жұрт аузында «Керейдің қыстауы», «Орта хан тағы» «Хан сатысы» деп аталатын тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер ашылып, есепке алынды. Хантаудың қыс қыстауға қолайлы болуы, тау беткейлерінде отын болатын тобылғы, ал солтүстік-шығысындағы Жусанды даласында сексеуіл сияқты қызуы күшті ағаштар өседі. Тұрғындар қыс кезінде отын жағынан таршылық көрмеген. Сол себептен де Хантау жері қазақ халқының қыста тұрақты жай салып мекендеген басты жерлерінің бірі болған.

Хантаудың шығыс жағында Керей ханның «хан қорасы» деген қорасы бар. Табиғи дөңгелек жартастың ортасындағы қораны ХХ ғ. 50-60 жж. дейін пайдаланылып келген.

Қораның ішінде 30 м жерде ханның мініс аттары тұратын орны бар. Бұл жерде ұзындығы 10 м, биіктігі 2-3 м үлкен бір тас тұр. Түбінде тастан жасалған ақыры бар. Хан қорасы осы мініс аттар тұратын жерден екі бөлікке бөлінеді. Бірінші шығыс жағындағы қораның ені 18 м, ұзындығы 24 м. Ал екінші, батыс жағындағы қораның ені 16 м, ұзындығы 20 м. Бірінші қораның оңтүстік жағында қораға кіретін екі ашық жері бар.

Бұрын-соңды тарих ғылымында аты айтылғанымен, нақты ғылыми деректермен негізделмеген «Керей ханның қыстауы» орта ғасырлардағы және хандық дәуірдегі қазақ тарихы үшін тың жаңалық болып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button