Кеудесі әуенге толы Алтынбек Қоразбаев
Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев Жамбыл облысы, Меркі ауданында 1948 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Қазақстандық композитор, әнші, қазақстан халық әртісі.
Он үш жасында қолына ағасы берген музыкалық 8 шекті аспапты алады. Алғашқы айтқан әндерінің бірі орыстың халық әндері, өте шебер орындайтын болған екен. Кейінірек гармошканы жанына серік етті. Он екі жасынан бастап гармошканы құшақтап жүруді әдетке айналдыра бастайды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.
Алтынбекке ұстаздары шетелге шығуға соның ішінде Мәскеу мен Ленинград қалаларына баруға кеңес береді. Училищені басшысы Шора Теміров болған. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстан халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» нақышына келтіре орындап, халық қошеметіне бөленді.
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі», 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы. 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі», 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2010 жылы «Парасат ордені», 2016 жылы Елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс орденін» алды.зарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған.
Қазіргі таңда Алтынбек Қоразбаевтың 25-тен астам әні бар. Ол жыл сайын «Сәлем Қазақстан» немесе «Сәлем Астана» атты ән кештерін ұйымдастырады. Концертте қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен әншілері өнер көрсетеді. Сонымен қоса ол кісінің Елбасымен бірігіп жазған әндері бар. Тағыда осы тақырып аясында Мұзтар Әуезовтың өлеңдерін ән қылып жазған жұмыстары бар.
Композитор осы өмірде өзін жақсы күтетінін айтты. Жылына бір рет болса да санаторияларға барып денсаулығын күтеді екен. Жаз айында жайлауға барып, қымыз ішіп, атқа мініп, аңшылық жасап, немерелеріне уақыт бөледі. Бұл әрекеттерді ол соңғы 30-40 жылда әдетке айналдырып алған. Алтынбек Қоразбаев шәкірттерінен әлеуметтік желіні пайдалануды үйренгенін айтты. Оған қоса белсенді жаңартып отыратынын айтты. Оның айтуынша «Үйренуден еш уақытта жалықпау керек»,-дейді.