Жаңалық

«Кездер-ай» ретро ән кеші

«Кездер-ай» атты ән кеші өтті.

Қараша айының 26-шы жұлдызында, сағат 19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен жанды дауыста «Кездер-ай» атты ретро ән кеші өтті.

Кешке Майра Ілиясова, Нұржамал Үсенбаева, Бағдат Сәмединова,  Естай Мұқашев, Дина Хамзина, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Бибігүл Жанұзақ, Медет-Клара, Жанат Қарман, Нұрғали Тұрлыбеков, Нұржан Қалжан, Арайлым Рахымқызы, Ринат Малцагов, Нұрбол Балапанов, Диана Май, Мұратбек Хайролда, Ақбота Құснадин, Асылбек Тойлыбаев, Айдын Жұмабай, Әкімхан Мәженов, Гүлсінай Серікқызы сынды өнер иелері қатысты. Бұл кеште барша патша көңілді көрермен ретро әндермен жастық шаққа сапар шекті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізілді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button