Жаңалық Редакция таңдауы

Халықаралық волонтерлер форумы: Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия

Халықаралық волонтерлер форумында «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия» тақырыбындағы сессияда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова биыл елімізде қабылданған әлеуметтік кодекс туралы баяндады.

«Әлеуметтік кодекс – бүгінгі күннің талаптарымен үндесетін бірінші жүйелі, әрі  ТМД мемлекеттері тәжірибесіндегі маңызды құжат. Әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту ісінің негізін қалыптастыруға бағытталған. Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Ол туғаннан егде тартқан жасқа дейінгі дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі. Осы әлеуметтік кодекстің назар аударатын бағыттарының бірі – отбасының цифрлық картасы. Биыл іске қосылған отбасының цифрлық картасы қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізеді, ал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда ОЦК жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді», – деді Тамара Дүйсенова

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button