Мақала

Киелі мекен – Елорда

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

 

Қыркүйек айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Нұр-Сұлтан қаласының киелі жерлеріне арналған экскурсия арнайы маршруты бойынша, Қоғамдық даму істері басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен, жалғасын табуда. Экскурсия әр сәрсенбі сайын Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала шеңберінде жүзеге асып жатыр. Мақаладағы негізгі бағыттарды халық арасында насихаттау үшін, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, ХХІ ғасырдың озық үлгідегі үрдістерін қатар алып жүруге бағытталған түрлі арнайы жобалар іске асуда. Соның бірі, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Осы жоба аясында ұйымдастырылып жатқан саяхаттың мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін, қасиетті орындарын насихаттау арқылы саяхатқа қатысушылардың елге, жерге деген құрметін арттыру, ішкі туризмді қолдау.

 

Экскурсияның бағытына қала ішінде орналасқан бірнеше нысандар: бұрынғы мұсылман мектебі, жасыл мешіт дуалы, көпес М.К.Кубриннің сауда үйі ғимараты, көпес П.С.Силинннің тұрғын үйі, Астана концерт залы, Мемлекеттік дума, ХІХғ. Гимназиясы және С.Сейфуллин мұражайы, «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемиоралды-мұражай кешені енгізілді. Экскурсияны І дәрежелі экскурсия жүргізуші Береза Г.Н. және Джумадуллаев А.К. қазақ-орыс тілдерінде жүргізеді. Саяхат-дәріс түрінде өтетін экскурсияда қатысушыларға тарихи нысандарға байланысты көптеген ақпараттар беріліп, қызықты деректер айтылады.

 

Қыркүйек айынан бері түрлі топ өкілдері Елорданың тарихи орындарын аралады. Оның ішінде зейнеткерлерден бастап, түрлі сала қызметкерлері және қала қонақтары да бар. Зейнеткер Сүлейменова Тамара Нұр-Сұлтан қаласының тарихи орындарына тегін экскурсия ұйымдастырылып жатқаны жайлы жаңалықтардан естіп, өтінім жасаған. Отағасы екеуі бірге келіп, әсерлі, мағыналы экскурия ұйымдастырылғаны үшін алғысын айтты. «ҚазАэроНавигация» мекемесінің диспетчерлері де кезекті демалысына дөп түскен саяхаттан тарихтың ақтаңдақ беттеріне үңіліп, рухани азық алғандығын жеткізді.

 

Қазақ жерінің тарихын, қала тарихын білем деушілерге әрдайым есік ашық! Эксурсияға қатысу үшін алдын-ала өтінім жазып, ұйымдастырушыларға хабарласыңыздар, орын саны шектеулі.

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button