Жаңалық

Кинотеатрлар қашан ашылады?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов кинотеатрлардың жұмысын жандандыру жөнінде пікір білдірді.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық шекаралас мемлекеттерде жағдай қалыпқа келмей жатыр. Ауру жұқтыру жағдайлары жиі байқалады. Мысалы Мәскеуде карантиндік шаралар күшейтілуде. Бұрын карантинді жеңілдеткен елдер қайтадан күшейту енгізіп жатыр. Оның үстіне ЖРВИ, суық тию сияқты маусымдық аурулар басталады. Қауіп-қатер өте жоғары, сондықтан жеңілдік туралы әрбір шешімді қабылдарда барлығын мұқият және жан-жақты зерттеу керек», – деп жауап берді Е. Қиясов ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына.

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа ережеде қабылдай бастайды. Жолаушыларға сауалнама, термометрия және ПТР анықтама міндеттеледі. Осы орайда астаналық әуежай жаңа күшейтілген талаптарда қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Еске салайық, 6 қазаннан бастап Алматы қаласында театрлар жұмыс істей бастайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button