Жаңалық Арнайы жобалар Фото

«KitapTime-2024»: ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

Фото: Артем Чурсинов

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  – «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды Ruh.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың  отырысында елдің ертеңі мен келешегі үшін кітап оқу мен кітап басып шығару ісінің маңызына тоқталып еді. Кітап оқитын ел ғана зиялы ұлтқа айналатынын баса айтқан болатын. 

Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылатын республикалық шара биыл Елорданың рухани ордасы – Ұлттық академиялық кітапхананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келіп отыр.  

«KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі аясында түрлі баспалардың («Абай», «Арман-ПВ», «BG-PRINT», «Фолиант», «Қасым», «Қазақ кітабы», «Мұқаба», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppe&World» және «Алматы кітап», «Кіtapal», «Ziyat кітап» кітап дүкендері; шет елдер елшілігінің кітаптар көрмесі) қатысуымен кітап жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, (саз балшықтан бұйым жасау үйірмесі, сиқырлы мозаика,  қыш құмыра жасау, қолөнершілер шеберханалары, т.с.с) bookcrossing ұйымдастырылды. 

Мәдени іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетел елшіліктерінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, иллюстраторлар, блогерлер, БАҚ өкілдері, ата-аналар, балалар, студенттер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, дәл осы күні кітап мерекесі республиканың көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірінде өтті. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button