Жаңалық Редакция таңдауы

Кітапты қалай тез оқып үйрену керек?

Жазушы Рэй Брэдберидің «кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар, ол кітаптарды оқымау» деген сөзің қазір қабылдау қиындау. Күйбің тіршілік пен уақыт тапшылығының кесірінен кітап оқуға уақыт арнай алмай жатамыз. Ал мәтінді жылдам оқысаңыз, бір кітапты қысқа уақытта оқып аяқтай алар едіңіз. Сондықтан тез оқудың тәсілдері жайлы білгеніңіз артықтық етпейді.

Кітапты асықпай оқығанда мәтіннің 60%, ал жылдам оқығанда 80%-ын түсінеді екенбіз. Үй жағдайында тез оқудың оңай әрі есте қалатын әдісі қарындашпен сөз үстінен жүріп оқу. Мәтінді түсінбей қаламын деп уайымдамаңыз. Себебі, ең алдымен жылдам оқу дағдысын қалыптастыру қажет. Ал кейін мәтінді тез түсіне бастайсыз.

Оқушы үлгерімі оның жылдам оқуына тікелей байланысты. Негізінде бастауыш сынып оқушылары шамамен 3000 сөз оқи алады екен, олар мәтінді бірден түсіне қоймағандықтан сөз мөлшері екі есе көбейеді. Бұл үй жұмысын орындау уақытын көбейтіп, оқушы ынтасын төмендетері хақ. Сондықтан шапшаң оқуды қалыптастыратын жаттығуларды жасап жүру қажет.

Жылдам оқудағы ең негізгі қателік дауыстап оқу. Ең алдымен мәтінді ішімізден оқып, түрлі жаттығулар арқылы көздің шеткі көру қабілетін жақсартып алу керек. Ол үшін «шульте кестесін» пайдаланса болады.

Көбіне тез оқимын деп мәтіннің мәнің түсінбей жатамыз, оқыған ақпаратты жадымызда сақтау үшін ең алдымен кітаптағы керек емес нәрселерді жабу керек. Одан кейін тез оқуға машықтану үшін керісінше оқыған сөздерімізді жабу керек.

Мамандардың айтуынша, кітапты оқымас бұрын сыртқы ортадан қорғану әдісін қолданған жөн. Себебі біреуден келген смс хабарлама, сырттағы көлік дауысы, балалардың айқайы көңіліңізді аударуы әбден мүмкін. Ең бастысы күнделікті жаттығуды дағдыға айналдырыңыз. Кез келген істің амалдары мен тәсілдері бар, тек соны дұрыс пайдалана білу керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button