Жаңалық

Классикалық шығармалар кеші өтті

Павлодардағы Естай мәдениет сарайында Иса Байзақов атындағы облыстық филармония оркестрінің концерті өтті.

Көрермен концертті, әртіс сахнаны сағынды. Классикалық музыканы сағынған павлодарлықтар Естай атындағы мәдениет сарайына жиналды. Тыңдарман күткен шарада Моцарт, Штраус сынды классиктердің шығармалары орындалды.

Концерттік кешке жиналғандар әлемдік классиктердің шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алды. Концертке Елордадан арнайы келген Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті қатысты.

Айта кетейік, биыл Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның 75 жылдық мерейтойы. Эпиджағдай тұрақталса, концерттік бағдарламалар жалғасын таппақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button