Жаңалық

Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты аяқталды

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» атшабарында көкпар мен аударыспақтан XX Қазақстан чемпионаты өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы чемпионаттың бірқатар жаңалығы бар. Аударыспақтан дәстүрге айналған 5 салмақ бойынша емес, спортшылар жаңа 8 салмақ бойынша күш сынасты. Ал көкпардан командалар биылдан бастап екі лигаға бөлініп сынға түседі. Жоғарғы лигада 6 команда, бірінші лигада 10 команда.

Жоғарғы лигада СҚО, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Ақмола облыстары бақ таластырса, бірінші лигада Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының және Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының командалары бар.

Аударыспақтан өткен жарысқа еліміздің 15 өңірінен 71 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға 2 алтын 2 күміс жүлде иеленген Ақтөбе облысы ие болса, 2 алтын 1 күміс 2 қола жүлде жеңіп алған Түркістан облысының спортшылары екінші орында. Үздік үштікті 2 алтын 1 қола жүлде жеңіп алған жарыс қожайындары – Жамбыл облысының спортшылары түйіндеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button