Жаңалық

Көкшетауда «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» конференциясы өтті

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 12 наурызында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 130 адамның қатысуымен ұлы ғалым, философ Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл–Фараби және оның рухани мұрасы» атты оқырман конференциясы өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларынан келген Әбу Насыр әл–Фарабидің өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеуші ғалымдар, сондай-ақ Анкара қаласынан (Түркия) келген қонақтар қатысты.

Хаджи Байрам Вели атындағы ислам зерттеулер институтының профессоры Вели Конуралл Ержиласуын бей, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Досай Кенжетай, шығыстанушы
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ филология ғылымдарының кандидаты Самал Төлеубаева, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аманбай Сейтқасымов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ оқытушысы Сәбит Жамбек баяндама оқыды.

Олар облыс орталығының ғылыми интеллигенция өкілдерімен, жазушыларымен, тарихшыларымен, кітапханашылармен, ақындарымен, жоғары және орта оқу орындарының студенттерімен өз зерттеулері жөнінде бөлісті. Іс-шараның модераторы журналист, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл болды.

​Оқырман конференциясын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзімен ашты.

– Әл-Фараби идеялары өз өзектілігін жоғалтпайды, олар бүгінде де сұранысқа ие. Әл-Фарабидің баға жетпес қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Бүгінгі таңда облыс кітапханаларында Ұлы зерттеушінің 100-ге жуық еңбектері және оның шығармашылығы туралы

2 000-нан астам материалдар бар, – деп атап өтті Е. Маржықпаев.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев іс–шараға қатысушы-қонақтарға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Түркия, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларынан келген қонақ-баяндамашылар М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханаға кітаптарды сыйға тартты. Өткізілген кездесу өңір тұрғындарының Әл-Фарабидің ұлы еңбектері жөнінде танымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ақмола облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button