Көкшетауда «Ақан серінің ән бесігі» атты әдеби кеш өтті

Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет сарайында «Ақан серінің ән бесігі» атты litrary evening ұйымдастырады, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдени даму бағыты аясында өткен шара ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығына арналған ғылыми конференция және әдеби-музыкалық кеш ретінде екі кезеңнен тұрды.
Ал, композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов, филология ғылым докторы, профессор Серік Негимов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақ ұлттық университеті Дәстүрлі ән кафедрасының меңгерушісі Қайрат Байбосынов, жазушы-журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Төлеген Қажыбай, жазушы-драматург, М.Әуезов атындағы өнер институтының ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Еркін Исимбаев бұл ғылыми конференцияның спикерлері болды.
Аталған іс-шараның мақсаты – халқының аспаптық, вокалдық музыкасын сақтау және насихаттау, шығармашылық байланыс пен әріптестікті нығайту, Ақан сері тұлғасының тарихи әрі мәдени маңызын насихаттау. Ал, негізгі тақырыбы – шығармалары қазақ халқының мәңгілік музыкалық қорына енген ұлы суырып-салма ақынның музыкалық мұрасын кеңінен таныту.
Мәдени шарада халықтың музыкалық қазынасында өзіне лайықты орын алған Ақан серінің биік шыңдағы туындылары: «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Балқадиша», «Көкжендет», «Сырымбет» және тағы басқа өлеңдері орындалды.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда музыка, өнер саласын зерттеушілер оның шығармашылығын зерттей келе жаңа қырларын ашып, үздік қазақ музыкалық дәстүрлерін жаңа қырынан насихаттап келеді. Барлық орындаулар – облыс тұрғындарына арналған керемет, әуезді музыкалық тарту болды.
Мәдени шара қалалық зиялы қауым өкілдерінің, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткерлерінің, филолог-оқытушылардың, жақын және алыс шетел шығармашылық зиялы қауымының, Қазақстан мәдениеті тарихы зерттеушілерінің, жоғары және арнайы орта білім мекемелері студенттерінің және БАҚ өкілдерінің қатысумен өтті.
Іс-шараның медиа-тапсырмасы қазақ музыкалық фольклорын дәріптеу, ұлттық мәдениет дәстүрін сақтау болды.