Жаңалық

Көкшетауда «Тіл дарын» шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өзге ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл дарын» облыстық шығармашылық жобалар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

«Тіл дарын» байқауында балалар өздерінің тәжірибелік, зерттеушілік, аналитикалық, тарихи және өнертапқыштық бағыттағы шығармашылық жобаларын ұсынды.

«Оқушылар өз жұмыстарының мазмұнын жекеленген секциялар бойынша қазақ тілінде таныстырды: менің шежірем, менің кіші Отаным, Астана – арман қала, қазақ халқының музыкалық өнері, менің ауылымның тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, мемлекеттік тілдің мәртебесі, Қазақстанның ұлттық-қолданбалы өнері. Оқушылар, сондай-ақ,  негізгі секцияларға сәйкес келетін өз шығармашылық жобаларының тақырыбын ұсынды», – делінген хабарламада.

Байқауға облыстың барлық өңірінен жалпы 136 оқушы қатысты. 58 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Бүгін мен І орынды иеленіп, 110 мың теңге ақшалай сертификатын қанжығама байлағаныма өте қуаныштымын. Мен қазақ тілін қызыға оқимын! Қазақстанда туғаныма да мақтанамын!», – деді Зеренді ауданы, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Нимиткин Руслан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button