Алматы облысы

Көлсай көлі

Орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы

Қысқаша мәлімет:      «Солтүстік Тян-Шань маржандары» атанған Күнгей Алатау жотасында көрікті Көлсай көлдері орналасқан. Бұл көлдердің пайда болу тарихы шамамен 1887 және 1911 жылдар. Көлдер тектоникалық  жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендерінің арналарында пайда болды. Көлсай  өзенінің  ағымында  үш  көл  орналасқан:  Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай,  Төменгі  Көлсай.

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы – Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800—3500 метр биіктікте көлдер шоғыры, бай өсімдік және жан-жануар әлемі бар, бірегей ландшафт орналасқан. Табиғаттың тиісілмеген жеке аумақтары да сақталған.Ұлттық парктың көркем жерлерінің бірі – Көлсай өзені мен Шелек өзені тармағында, сұлу шатқалда орналасқан Көлсай көлдері.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button