Жаңалық

Көңілің тоқ, уайымың жоқ болсын

Адам басына күн туғанда уайымнан жапа шегеді. Өйткені, санасында орныққан мәселелердің шешімі табылмай қалады-ау деген ой оған тыныштық бермек емес.

Қай уақытта адамның көңілі тоқ, уайымы жоқ болады? Ол уақыт – адамның негізгі мақсаттарының орындалған уақыты. Сол кезде ғана кісі өзге уайымдардан арылып, тек қана өзінің тұлғалық болмысын, біліін, денсаулығын жетілдіріп, күтумен айналыса алады. Қалған уақыттарда бұл құндылықтарға мән беріле бермейді.

Көңіл тоқ, уайым жоқ болуы үшін, алдымен, жетістік биігіне, көздеген арман-мүдделерің орындалар мезгілге асығып, соған қызмет жасау қажет.

«Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық, аздырар адам баласын» деген Абайдың сөзін де жадыңда ұстаған абзал. Жетістік шыңына көтерідің ба, онда өзіңнің жеке басыңның рухани құндылықарын толтырумен тікелей жұмыс жаса.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button