Маңғыстау облысы

КӨРКЕМБАЙ АХУН МЕШІТІ

Ахунның мешіті Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Маңғыстау өлкесінің XIX ғасырда салынған ең ірі сәулет ескерткіші. Мешіт жергілікті бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған.

Мешіттің жоспары 22 бөлмелі тік төртбұрышты құрылыс, іргетасы жоқ бір сатылы қабырғаның төменгі жақ қаландысы үстіне орнатылған, төбесінен 28 күмбез шығарылған. Мешіт қам кесектен тұрғызылған, қабырғасы сыртынан әктастармен қапталған, ішкі қабырғалар сыланған. Ғимарат ортасында 4 үлкен зал орналасқан, периметр бойымен арқалығы бар босағалар мен күмбезді шатыры бар бөлмелер қабырғадан шығып тұратын жалған бағаналы болып қатарласқан.

Көркембай мешіті 1928 жылға дейін білім ордасы аталып, онда ел балалары мұсылманшылықтан дәріс алған. Мешітте елге атағы белгілі ахундар, ишандар – Абдолла хазірет, Шәудір ишан, Қарақалпақ Мәткәрім, т.б сабақ берген. Бектұрлыұлы Көркембай ахун большевиктер тарапынан қуғынға ұшырап, ұстаздарын таратып, мешітін жауып, өзі Тәжікстан жеріне қоныс аударады. Қай жылы қайтыс болып және қайда жерленгені туралы толық мәлімет жоқ.

 Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=68

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button