Жаңалық

Коронавирус жұқтырғандарға 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілген. Бүгінге дейін өтемақы алуға 6 өңірден 123 өтініш келіп түсті.

Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Бұл өтінімдердің ішінде қызмет бабымен қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әлі өтінім берілмеді», – деді министр брифингте.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button