Жаңалық

Көз қорқақ, қол батыр

Адам кез-келген жұмысты жасар алдында ойша жоспар жасайды. Ол жоспарды жүзеге асыру немесе асырмау сол ой қорытындысында шешіледі.

Сондықтан, әрекетке көшер алдында адам өз-өзіне сенімді, тәуекелшіл болуы шарт. Сонда ғана ойда елес берген тамаша идея шындыққа айналары сөзсіз.

Қазақта «Көз қорқақ, қол батыр» деген аталы сөз бар. Істің ойша қорытындысында «былай жасасам, қате болады-ау» деген қорқақ ойлар адамның жетістікке барар жолын кес-кестейді.

Нақты жоспар, тыңғылықты идея бар ма? Онда не тұрыс! Қазірден бастап, тәуекел етіп, сенімділік танытып, іске кірісіп кетсеңіз, қарекетіңіз нәтиже беруі әбден мүмкін.

Ал қателессеңіз, бұл да айып емес. Демек, сенің жұлдызды сәтің – қазір. Баста! Тәуекел ет!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button