Жаңалық

Күй шерту эстафетасы басталды

Биыл халық әртісі, күйші, композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толады. 

Осыған орай Гиннестің рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этноансамблі сазгердің күйлерін шерту эстафетасын қолға алды.

Өнер ұжымы Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін орындады.

«Эстафетаны Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрі, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ халық аспаптар оркестріне және «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне жолдаймыз», – деп жазады ансамбль Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.

8 жасынан өнердің қыр-сырын үйреніп, домбыра шерте бастаған. Атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірті.

1934 жылы Мәскеуде өткен халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық конкурсына қатысып, бірінші жүлдеге ие болған. 1944 жылы Ташкентте Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде озық өнерімен, шынайы орындаушылығымен тыңдаушыларын таңдандырды.

Динаның «Тойбастар», «Жеңіс», «Әсем қоңыр», «Сегізінші март», «Сауыншы» және басқа туындылары – мәңгі жасайтын музыкалық мұра.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button