Батыс Қазақстан облысы

КҮЙШІ МӘМЕН МҰРАТҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Күйші Мәмен Мұратұлының кесенесі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылында орналасқан. Қасиетті Нарынды туған дарынды күйші-композиторлардың бірі де бірегейі Мәмен Мұратұлы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қамыссамар деген жерде (1868-1931) өмір сүрген.

Мәмен – Алтын Ордадағы музыкалық үлкен қорды жеткізушілердің бірі. Өзі алдын көрген Құрманғазының өлмес өнерін жалғастырып, шебер орындаушылығымен ғана емес, күй шығаруымен де осы өлке тарихында қалған адам. Құрманғазыдан тағылым алып, халық арасында оның күйлерін («Адай», «Байжұма», «Төремұрат», «Терісқақпай», т.б.) насихаттады. Ұстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен өз жанынан «Ақ Шолпан», «Қайғылы қара», «Қаражан ханым», «Кербез ақжелең», тағы да басқа күйлер шығарған. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған аласапыран кезеңді меңзейтін «1916 жыл», «1917 жыл» атты күйлері бар. Мәмен күйлері терең толғаныспен, серпінді де ойнақы әуен ырғағымен жігерлендіретін оралымдарға бай шығармалар.

Мәменнің күйшілік, орындаушылық шеберлігін өнер зерттеушілері жоғары бағалаған. Оның шәкірттері ретінде домбырашылар Р.Омаров, Ә.Есқалиев, Б.Қарабалина сынды өнер майталмандары елге танылды.

 Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=33

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button