Күнделікті өмірде сақталмайтын ережелер
Барлық әдептілік ережелерін есте ұстау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Кейде біз тәртіпті бұзып жатқанымызды білмей жатамыз. Бүгін біз сіздерге күнделікті өмірде сақталмай қалатын ережелер жайында айтатын боламыз.
Үйден шыға салысымен бұзылатын бірінші ереже, ол жеделсатыдағы адамдармен кездесу кезіндегі әрекеттеріміз. Оған кірген бетте ішіндегі адамдармен амандасуды ұмытпаңыз. Шыққан кезде «Сау болыңыз!» деп айтуды естен шығармаңыз.
Екінші қателік, ол эскалатормен жүрген кезде баспалдақтан басқа адамдарды өткізбеу. Онымен көтерілгенде не түскенде оң жағынан тұрыңыз, сонда асығып тұрғандар сізге кедергі келтірмей өтіп кете алады.
Үшінші қателік, ол даладан кірген кезде қолшатырды құрғату. Жұмысқа немесе қонаққа келген кезде көпшілік өз қолшатырын жерге қоя салады. Оның суы ағып тұра береді. Этикет ережелері бойынша оны арнайы тіреуішке ғана қоюға болады. Егер мұндай құрылғы таппай қалсаңыз, қолшатырды жинап, іліп қоюыңыз қажет. Мамандардың айтуынша, үйге кіргенде де қолшатырды ашық күйінде құрғатудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл зат тез ескіріп кетіп қолдануға жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін.
Тағы бір қателікке біз автокөлікке отырған кезде жол береміз. Әдеп бойынша алдымен отыратын орынға жайғасып, содан кейін ғана аяғыңызды кіргізуіңіз керек. Шыққанда керісінше әрекет жасайсыз. Сол арқылы әйел адамдар өзінің киімін бұлғанудан сақтап қалады. Ал, ерлер аяқ киіміндегі қар немесе шаңды сілкіп жіберуге мүмкіндік алады.
Бесінші қателік, тамақтанатын орында тіс шұқығышты мүлдем пайдалануға болмайды. Бұл әрекетті сырт көз көрмеу керек. Егер қажет болса қол жуатын бөлмеге шығып кеткен дұрыс. Мейрамханаларда тіс шұқығыштарды қоюдың өзіңе тыйым салынған. Оларды әйелдерге не ерлерге арналған бөлмелерде қойған жөн.
Алтыншы қателік, ол тұз бен бұрыш салатын ыдыстарға байланысты.Әдетте біз олардың әрқайсысын бөлек береміз, бірақ бұл дәмдеуіштер бір ыдыстың ішінде тұрады. Мейрамханадағы этикетті жетік меңгерген адам сізден тұз сұраса, ол бұрышты да бірге беріп жібересіз деп күтеді. Сондықтан тамақтанып отырған адам үшін ыңғайсыздық тудырмай екеуінде әперіп жіберіңіз.
Тағы бір қателікті біз дастархан басына отырғанда жібереміз. Үстелге тек қолыңызды қоя аласыз шынтағыңызды денеге қысып, үстелден сәл алысырақ отырыңыз.
Сегізінші қателік, ол саусақпен белгілі бір адамға көрсету. Егер бір затты көрсетсеңіз онда тұрған ештеңе жоқ. Ал алдыңызды адам болса алақаныңызды жайып көрсеткен жөн. Жасы 12 ден асқан адамға «сен» деп сөйлеуге болмайды. Бұған дейін «сіз» деп сөйлескен адамға «сен» деу тек екінші тараптың рұқсатын алғаннан кейін ғана болады.
Әдепті адамдар өз жақындарына үнемі қамқорлық көрсетеді. Мұндай азаматтар қоғам арасында сыйлы, ұжымда ерекше құрметке ие болады. Сол себепті этикет ережелерін есте ұстайық.