Жаңалық Редакция таңдауы

«Кванха» жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталған алғашқы Елші

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы Елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапатталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: MFA

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ Ик орденді табыстай отырып, Бақыт Дүйсенбаевқа Астана мен Сеул арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық дипломат Корея Республикасының Президенті мен Үкіметіне марапат үшін өз алғысын білдірді.

Бақыт Дүйсенбаев 2018 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Корея Республикасындағы Елшісі қызметін атқарды. Ол – Кванхва орденін алған Корея Республикасындағы алғашқы қазақстандық Елші.

Анықтама: «Дипломатиялық еңбегі үшін» ордені – Корея Республикасы мен шет мемлекет арасындағы достықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін Корея Республикасының мемлекеттік наградасы. Орден алты сыныптан тұрады және Корея Республикасы Президентінің жоғары дәрежелі шетелдік дипломаттарға берілетін ең жоғарғы марапат.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button