Жаңалық

Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті

Фото: Сали САБИРОВ

Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен 14-0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.

Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.
Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button