20 Қараша, 2020
«Қазақфильм» жаңа жүлде алды

Домбыра» қысқаметражды фильмі «Московская премьера» байқауында жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Ruh.kz Қазақфильмнің әлеуметтік желідегі аккаунтына сілтеме жасай отырып. 

«Қазақфильм» киностудиясымен түсірілген режиссер Рамазан Халиолланың «Домбыра» қысқаметражды фильмі «Московская премьера» Достастық елдерінің ІІ Халықаралық кинофестиваліндегі қысқаметражды фильмдер байқауында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

ad9306006a679a83d68c5977adb0b84c.jpg

Фильм домбырада ойнайтын баланың өмірін баяндайды. Бала күнгі арманын жүзеге асыру барысында басты кейіпкер өзінің сүйікті аспабынан айырылады.

7e3db619addd46ac3061ebc5c4e3cc60.jpg

Жүлдеге «Амаркорд» үшін» атауы берілді. Амаркорд – Феллинидің ең жақсы фильмдерінің бірі, режиссердің балалық шағы туралы естеліктеріне негізделген.

«Әр режиссердің өз балалық шағына саяхаты бар», - деп түсіндірді қазылар алқасының мүшесі, кинотанушы Ержан Жұмабеков.

Түсірілім тобын жаңа жеңісімен құттықтаймыз! 

Ruh.kz