15 Қараша, 2019
«Кітап оқып, рухани бай бол!»

Көкшетауда облыстық шығармалар байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірігіп, «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты шығармалар байқауын жариялаған болатын. Қазақ әдебиетінің алтын қорына өзінің өшпес шығармаларымен олжа салған қабырғалы қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сұлу сөздің сүлейі – Сәкен сері Жүнісовтің туғанына биыл 85 жыл толуына орай, Сәкен Жүнісовтің туындыларына таңдау түскен еді. 

13.png

Шығармалар сайысына Көкшетау, Степногорск қалалары, Есіл, Бурабай, Аршалы аудандарынан қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша:

I орынды Гүлназ Тұрсынбаева

II орынды Ерден Нұрахмет

III орынды Динара Дүйсен иеленген.

Руханиятты дамыту, жастарды қолдау, тұрақты оқырмандарды ынталандыру мақсатында «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.

Ақмола облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі