18 Қыркүйек, 2020
«Өмір - Өзен» музыкалық қойылымы саxналанды

Бүгін Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы мен қала күніне орай «Өмір - Өзен» музыкалық театрландырылған қойылымы саxналанды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әртістер жастар арасындағы іңкәр сезімді суреттеп, өмірдің сан түрлі кезеңдерін әсем ән мен би арқылы шебер жеткізе білген. Көрермен лирикаға толы әсерлі қойылымды 30  қыркүйекте театрдың YouTube арнасынан тамашалай алады. Спектакль режиссері сазгер әндері арқылы көпшілікке махаббат, сүйіспеншілік, отаншылдық, рухшылдық сынды ізгі қасиеттерді насихаттағысы келгенін айтады.

«Қойылымның мақсаты – біздің жас көрермендеріміз Шәмшіні әндерін тыңдап, үлгі алып... Шәмшінің әндері бүкіл қазақтың қанында бар десек те болады. Қала күніне және Шәмшінің 90-жылдығына арнап жасалған қойылым», – дейді қойылым режиссері Еркебұлан Қабдыл