11 Қаңтар, 2021
Бүгіннен бастап атыраулық оқушылар қашықтан оқиды

11 қаңтардан бастап мектептерде сабақтар онлайн режимінде өткізіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

- Біз үшін балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы өте маңызды. Сондықтан сайлау учаскесі ретінде пайдаланылатын білім беру мекемелері ертең түгел дезинфекцияланады. Осы себепті, 11 қаңтарда мектептердегі сабақтар онлайн режимінде өтеді. Ал 12 қаңтардан бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптар режимінде оқуды жалғастырады, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

84135ffa8c9bce03e.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмония үдеген кезеңде жаңа оқу жылы онлайн-форматта басталады деп шешілген еді. Алайда, күзге жақын билік бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар, сондай-ақ интернет қол жетімді емес шалғай елді мекендердегі шағын мектептерді ашуды ұйғарған. 

Ruh.kz