31 Қазан, 2018
Өзгелердің сөзіне өзіңді қинама!

Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, сонша көзқарас бар. Олардың ішінде адамды тура сынап, дұрыс бағытта айтылатын пікір де, көреалмаушылықтан туындайтын пікір де кездеседі.


Әрине, адам баласына өзгеден естіген сын-пікір, керағар әңгімелер қатты әсер етеді. Десек те, сол пікірлермен, сол әңгімелердің желісімен өмір сүру – мүлде дұрыс емес бағыт. Сондықтан, өзгелердің пікірін алғашқы орынға емес, өзіңдікінен кейінгі орынға қоя білген абзал.



Өзгелердің кейбір қаңқу сөздері адамды тура жолдан айырып, мақсатынан тайдыруы мүмкін. түкке тұрмайтын жел сөздердің осыншама құдіреті барына таң қалмасқа шараң жоқ.



Өмірдің өзі өсектен тұрмайды. Десе де, адамға бағытталған кез-келген әңгіме оған ой салады, оның санасын қозғайды. Демек, сөзді тыңдаушы ғана емес, айтушы да үлкен жауапкершілікке ие екенін ұмытпағаны жөн.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin