20 Қараша, 2020
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні

«Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», - деп бекер айтпаған. Расымен, «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар». Отбасы – шағын мемлекет болса, сол елдің келешегі – бала.

45397d2c9fd954f71dfeb05338191ba8.jpg

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлем елдерінің бейбітшілігі мен балалардың есен-саулығын қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік балалар күні мерекесін тойлауды ұсынды.

БҰҰ ел үкіметтеріне балалар мейрамын өз қалаулары бойынша, кез келген датада атап өтуді айтты. 1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны, 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.

18af0452e1d725e425f66b1a7e25ae1e.jpg

Балаларға қатысты қызықты деректер:

1. Көбіне көпбалалы отбасында дүниеге келген балалар үлкен жетістіктерге жететін көрінеді. Мәселен, атақты орыс химигі Менделеевтің отбасында 17 бала болған;

2. Деректерге сүйенсек, 4 жасар бала күніне 900-ге жуық сұрақ қояды;

3. XVIII ғасырда Оралда орыс шаруасының әйелі 69 баланы дүниеге әкеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енген;

post_5ba9b278e7427.jpeg

4. Зерттеулер бойынша, орташа алғанда 4 жастағы баланың сөздік қорында 12 000 сөз бар;

5. Кореяда адамның жасы анасының құрсағында жатқаннан бастап есептеле бастайды.

Портал ұжымы еліміздің болашағы – балаларды төл мерекесімен құттықтай отырып, баянды бақыт тілейді. Назарларыңызға балапандарға арналған видеоконтент ұсынамыз:


Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден