17 Қараша, 2017
2018 жылы Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланады

2018-ші жылы Қарағанды облысының жұртшылығы атақты ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді. Мерейтойлық шараларға дайындық қазірден басталып кетті – Бұқар Жырау ауданының әкімдігінде ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.  



Сонымен, мерекелік шараларды 2018-ші жылдың тамызында өткізу ұсынылып отыр. Өтетін орын әлі белгіленбеген – аудан жұртшылығы бұл мәселені әлі талқылау үстінде. Нақты шешімді жергілікті ақсақалдардың пікіріне сүйене отырып жасау көзделіп отыр. Мерейтойға орай Бұқар жырау энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланып отыр.



«Отырыс барысында бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде бір пьеса мен фильм жоқ екені атап айтылды. Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерейтойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қажеттілігін де талқылады», - делінген хабарламада.  



Айта кетейік, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын өткізуге арналған Қоғамдық қор құрылатын болды.



Естеріңізге сала кетейік, Бұқар жырау Қалқаманұлы – қазақтың ақыны, жырау, қазақтық ауыз әдебиетінің жарқын өкілі. Ол 1668-ші жылы (кей мәліметтер бойынша 1684-ші жылы немесе 1693 жылы деп белгіленеді) табиғаты көз тартарлық жерде Сүхар-Ния, Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әйгілі қайраткер 113 жыл жасап, 1781-ші жылы дүниеден өткен. Ғалым-фольклоршы Жүсіп Көпеевтің мәліметтеріне сүйенер болсақ, ойшыл қайраткер арғын елінің тумасы. Әкесі батыр болған. Бұқар жырау әнші және Абылай ханның кеңесшісі ретінде танымал. Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бимен бірге Бұқар жырау Қазақстан тарихындағы алғашқы заң жинағы «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан. Бұл заңнамалық құжат 1710-шы жылы қазақтың үш жүзмен (Ұлы, Орта, Кіші) Қарақұм съезінде құпталған болатын.


ruh.kz